Еңбек нарығы қысымға ұшырауын жалғастырып келеді. Федералдық статистика ведомствосының дерегіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында елдегі ресми жұмыспен қамтылғандар саны шамамен 486 мың адамға азайған. Қазір Германия экономикасында жалпы 45,6 млн адам еңбек етеді.
Бұл – жұмыспен қамтудың қатарынан үшінші тоқсандық төмендеуі. Маусымдық факторларды есепке алғанда да еңбек нарығындағы жағдай теріс күйінде қалып отыр.
Ең үлкен шығын өнеркәсіп саласында тіркелді – бір жылда бұл сектор 171 мың жұмыс орнын жоғалтқан. Құрылыс саласында да қысқару байқалып, жұмысшылар саны 27 мың адамға азайды.
Қысқартулар сауда, көлік, қонақүй бизнесі, корпоративтік қызметтер және IT секторын да қамтыды.
Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары негізінен мемлекеттік және әлеуметтік бағыттарда ашылып жатыр. Мемлекеттік қызметтер, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 181 мың адамға артқан.
Экономика министрлігі биыл еңбек нарығында дәстүрлі көктемгі жандану іс жүзінде байқалмағанын атап өтті. ЕО мен еуроаймақ елдерінде жұмыспен қамту өсіп жатқанымен, Германия экономиканы қалпына келтіру қарқыны бойынша барған сайын артта қалып келеді.