Германияда Жаңа жыл қарсаңында отшашу қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Ішкі істер министріне жазған хатта бірқатар қала тұрғындары Жаңа жыл мерекесі кезінде жеке тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды пайдалануына тыйым салуды сұраған.

 pixabay 27 Қараша 2026, 01:51
27 Қараша 2026, 01:51
74
Фото: pixabay

Германия полиция қызметкерлерінің шамамен 70 пайызы Жаңа жыл мерекесінде азаматтардың отшашу қолдануына тыйым салуды қолдайды. Бұл құқық қорғау қызметкерлері кәсіподағы жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды. 

«Газета.ru» басылымының жазуынша, сауалнамаға 9 мың полиция қызметкері қатысқан. Олардың үштен екісі жеке азаматтар ататын отшашулар мен пиротехникалық бұйымдар құқық қорғау органдарының жұмысын қиындататынын айтқан.

Өткен Жаңа жыл қарсаңында кезекшілік атқарған полиция қызметкерлерінің жартысынан астамы пиротехникалық бұйымдардың кесірінен кемінде бір рет қауіпті жағдайға тап болған.

Ал 200-ге жуық полиция қызметкері отшашудан жарақат алғанын мәлімдеген.

Бұл сауалнама Германияның Ішкі істер министрі Александр Добриндтке жолданған петиция аясында жүргізілген. Хат авторлары министрден Жаңа жыл мерекесі кезінде жеке тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды пайдалануына тыйым салуды сұраған.

Аталған петицияға миллионнан астам азамат қол қойған.

Наверх