Германияда вакциналау науқаны ерікті түрде өтеді

14 Шілде 2021, 02:37
1299
Бөлісу:
Германияда вакциналау науқаны ерікті түрде өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыған дейін бірқатар саясаткер, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне вакциналауды міндеттеуді ұсынған. Күзде індеттің төртінші толқынын болдырмау үшін, үкімет ковидке тестілеуді арттырып, санитарлық ережелердің сақталуын мұқият қадағалайды. 

Ең бастысы, жұрттың көбі егуді көздеп отыр. 55 күннен кейін Германияда халықтың 70 процентін вакциналау жоспары бар. Бүгінде 46 проценті, яғни 36 миллиондай адам екі екпе салдырды.  

Ел басшысы Ангела Меркельдің мәлімдеуінше, билік тұрғындарды екпе салдыруға мәжбүрлемейді.

Жағдайдың өзгергені байқалады. Вакциналау көмектесіп жатыр. Ауруы асқынып, жансақтау бөлімінде жатқан науқастар саны азайды. Біз вакциналауды міндеттегіміз келмейді. Бірақ алдағы апталарда тұрғындарымыз арасында үгіт-насихатты арттыруды көздеп отырмыз, – дейді Германия канцлері Ангела Меркель.
Өзгелердің жаңалығы