Германияда мұғалімдер мен тәрбиешілер вакцинаны уақытынан бұрын салдырады

12 Ақпан 2021, 06:12
1234
Бөлісу:
Германияда мұғалімдер мен тәрбиешілер вакцинаны уақытынан бұрын салдырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Билік педагогтарды басымдыққа ие екінші топқа ауыстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ангела Меркельдің айтуынша, білім беру саласының 1 миллионнан астам қызметкері жазғы демалысқа дейін ерікті түрде екпе қабылдамақ. Себебі балалармен тығыз жұмыс істейтін ұстаздар қауымына елмен арақашықтық сақтау қиын.

Айта кетейік, Германияда 22 ақпаннан бастап мектептер біртіндеп ашыла бастайды.

Біз білім саласы басты назарда деп үнемі айтып келеміз. Сондықтан мектептер мен балабақшаларды ашудың маңызы ерекше. Бір апта ішінде індет жұқтырғандар саны 100 мың адамға шаққанда 35 тұрғынға азайса, шектеу шараларын жұмсартамыз. Біз жағдайды ушықтырғымыз келмейді, сондықтан асқан сақтықпен қараймыз, – дейді Германия канцлері Ангела Меркель.

Өзгелердің жаңалығы