Германияда коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті

24 Қазан 2021, 19:35
46547
Бөлісу:
Германияда коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда бір апта ішінде COVID-19 жұқтыру деңгейі 100 мың адамға шаққанда 100 жағдайды көрсетті. Осылайша, індетке шалдыққандар саны рекордтық деңгейге жеткен деп жазады Lenta.ru.

Оның алдындағы аптада 100 мың адамға 67,7 жағдай тіркелген. Роберт Кох институты таратқан деректерге сүйенсек, бүгінде бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға 100 жағдайға жеткен. Ал бір тәулікте аталған мемлекетте 15 145 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан. Пандемия басталғалы Германияда COVID-19-бен 4 452 425 адам ауырған. Оның 95 077-і қайтыс болған.

Сонымен қатар Германияның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқан азаматтардың өмірін қиындату үшін іс-шаралар қабылдайтындарын жеткізген. Deutsche Welle басылымының деректері бойынша, 1 қарашадан бастап екпе алмаған ел азаматтары карантинге мәжбүрлі түрде кеткен жағдайда жоғалтқан еңбекақысының орнын толтыруды тоқтатады. Қолданыстағы заң бойынша, ГФР азаматтары вирусқа сынақ оң нәтижені көрсетсе немесе індет жұғу қаупі жоғары мемлекеттерден оралған соң өзін-өзі оқшаулауды сақтауы шарт.

Бұған дейін олар карантиннің алғашқы алты аптасында жалақысының толықтай орнын толтыруды талап етуге құқылы болған еді.

Өзгелердің жаңалығы