Германия тұрғындары Украинаға 70 млн еуро жинап берді

26 Желтоқсан 2022, 16:03
875
Бөлісу:
Германия тұрғындары Украинаға 70 млн еуро жинап берді

Германия тұрғындары Рождество қарсаңында Украинаға рекордты мөлшерде қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жергілікті ұйымдар 70 миллион еуро жинаған. Берлиндегі рождестволық жәрмеңкеде балалардың суреттері қойылды. Олар Украинаның қалаларын салған. Немістер ежелден рождество қарсаңында қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. 

Энергия құнының қымбаттауы мен инфляцияға қарамастан қаржы көп жиналған. Ресми дерекке қарағанда жарты жыл ішінде Германияның қайырымдылық ұйымдары 862 миллион еуро жинапты.  

Биыл Украина өнімдері мен асханасына арналаған павильон алғаш рет ашылды. Бізге осы елдің мәдениетін көрсетіп, қайырымдылық мақсатында қаржы жинауға рұқсат берілгеніне қуаныштымыз. Қазір ол жақта адамдар жарықсыз өмір сүріп жатыр. Сондықтан жылы көрпелер мен генераторларға қаржы жинап жатырмыз, - деді қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы Андрей Ильин.

Өзгелердің жаңалығы