Германия Киевке құны 2,7 млрд еуро тұратын әскери техника жібереді

13 Мамыр 2023, 17:47
755
Бөлісу:
Германия Киевке құны 2,7 млрд еуро тұратын әскери техника жібереді
Фото: BAQ.KZ

Германия Киевке 2,7 миллиард еуро тұратын әскери техника жібермекші, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Жаңа әскери көмек пакеті туралы Der Spiegel мәлімдеді.

Басылымда хабарланғандай, жабдықтар Украинаға жақын күндері жөнелтіледі.

Жеткізу жоспарланған жабдықтардың ішінде 20 Marder жаяу әскерінің броньды көлігі, бірнеше ондаған Leopard танкі және 200 ұшқышсыз ұшақ бар. 

Сонымен қатар IRIS-T әуе шабуылына қарсы қорғаныс техникасы мен оқ-дәрілері Украинаға жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы