Германия елімізге «жасыл» сутегі шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірін салмақшы

31 Қазан 2022, 15:07
1226
Бөлісу:
Германия елімізге «жасыл» сутегі шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірін салмақшы

Бұл туралы елордада Германияның Федералдық Сыртқы істер министрі Анналена Бербок мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Германияның Федералдық Сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесуден кейін:

27 қазанда «Svevind» неміс-швед концернінің «HYRASIA ONE» еншілес компаниясы мен Қазақстан Үкіметі арасында инвестициялық келісімге қол қойылды. Оның аясында Еуропа мен Азияның энергетикалық және шикізат қорларының өнеркәсіптік ауқымды қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда таза әрі экологиялық тиімді «жасыл» сутегі шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірін салу жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді министр.

Анналена Бербоктің айтуынша, бұл жоба іске асыруда Қазақстанның әлеуеті жетеді.

Германияның кәсіпорындары сутегі, жел және күн энергиясы жобалары брйынша алдыңғы қатарда тұр. Біз Астанада Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл бюро сарапшылар мен мамандарды тарту тұрғысында маңызды болмақ. Осы орайда маңызды жобаларды нақты іске асыруға жағдай жасалады, - деді Анналена Бербок.

Неміс премьері еліміздегі маңызды реформаларға қолдау білдіретін айтты.  

Біз саяси реформа, заң үстемдігі, адам құқықтары жөніндегі диалогты кеңейткіміз келеді. Ашық, күшті және өзіне сенімді азаматтық қоғам инновациялар мен табысты болашаққа жол бастайтынына сенімдімін, - деді Германия министрі.

Осыған дейін Германияның федералды сыртқы істер министрі Анналена Бербок Орталық Азия мен Еуропадағы қазіргі ахуал мәлімдеген еді. 

Өзгелердің жаңалығы