Геральдикалық зерттеулер орталығы «Есік» қорық музейімен меморандум жасады

11 Тамыз 2022, 18:24
1146
Бөлісу:
Геральдикалық зерттеулер орталығы «Есік» қорық музейімен меморандум жасады
PHOTO

Геральдикалық зерттеулер орталығы ұжымы Алматы қаласындағы іссапардың екінші күні «Есік» музей-қорығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тарихи құнды артифактілер, бағалы бұйымдар, көненің көзі сақталған мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында геральдикаға қатысты тың ақпараттарға қанықты. 

Геральдикалық зерттеулер орталығы «Есік» қорық музейімен меморандум жасады

Алтын адамның табылған жері, қазақ тарихының бастауы, геральдика саласының негізгі заңдылықтары сақталған. Еліміз үшін, болашағымыз үшін өте қажетті, құнды мәліметтер бар. Есік музей-қорығына барудағы мақсат – екіжақты келісім арқылы, тарихи жәдігерлерді сақтау, тасқа қашалған тарихы таңбаларды зерттеп, болашаққа қалдыру. Сондай-ақ екі орталық тарапынан ақпарат алмасып, біріге жұмыстар атқару жоспарланып отыр,- дейді «Есік» музей-қорығына барған Геральдикалық зерттеулер ортылығының директоры Асылбек Байжұма.

Ол «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова  орталық қызметкерлерін қонақжайлықпен қарсы алғанын айтты.

Геральдикалық зерттеулер орталығы «Есік» қорық музейімен меморандум жасады

  «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Геральдикалық зерттеулер орталығы арасында меморандумға қол қойдық. Алдымен, геральдикалық зерттеулер орталығының ашылуымен құттықтаймыз.  Директормен сөйлесе отырып, алдағы бірлесіп атқаратын жұмыстарымызды талқыладық. Себебі, геральдика елтаңбасы деген бұл мемлекеттіктің, ұлттықтың белгісі. Сондықтан, болашақты осы таңбаларды, геральдиканы зеорттеу ісінде сіздерге сәттілік тілейміз. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы – петроглифтерді зерттеуде де біраз жетістіктерге жетті, - дейді Асылбек Байжұма сөз кезегінде әріптестеріне.

Геральдикалық зерттеулер орталығы «Есік» қорық музейімен меморандум жасады

Еске сала кетейік, Алматыға 4 күнге жоспарланған іс-сапардың екінші күні  Мәдениет министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы «Есік» қорық музейімен меморандум жасасты.

Геральдикалық зерттеулер орталығы «Есік» қорық музейімен меморандум жасады

Келісім шарттың басты мақсаттарының бірі әлі де болса ашылмай жатқан Жетісу петроглифтерін таныту, насихаттау, оларды ғылыми-білім беру ісінде пайдалану, сол дерекөздер арқылы қазақ жеріндегі ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігімен, әдет- ғұрыптарымен таныстыру, екі мекеме өзара ғылыми зерттеу материалдарымен бөлісіп, мамандармен тәжірибе алмасу.

Өзгелердің жаңалығы