Геологтардың кәсіби мерекесіне орай байқау ұйымдастырылады

6 Ақпан 2023, 11:21
638
Бөлісу:
Геологтардың кәсіби мерекесіне орай байқау ұйымдастырылады

ИИДМ-нің Геология комитеті «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-мен бірлесіп, геологтардың кәсіби мерекесіне байланысты арнайы конкурс өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, байқауға БАҚ өкілдерінің, оның ішінде журналистердің, сондай-ақ блогерлер мен конкурстың шарттарын орындаған азаматтардың жұмыстары қабылданады.

Конкурстың талаптары келесідей:

 байқауға геологиялық тақырыпқа арналған және халық арасында осы саланы кеңінен наситтауға байланысты дайындалған авторлық  бейнероликтер,  мақалалар, телебағдарламалар немесе радиохабарлар қабылданады;

• материалдар 2023 жылдың 6 ақпаны мен25 наурызы аралығында әлеуметтік желілерде немесе жеке блогтарда жариялануы керек;

• қатысушының сәйкестендіру нөмірін алу үшін материалды немесе сілтемені geocontest@mail.ru электронды поштасына жіберу  қажет  (аталған поштаға жіберілмеген материалдар байқауға қатыстырылмайды).

Бірінші орын алған жеңімпазға 100 мың теңге көлемінде  ақшалай  сыйлық  табысталады.  Екінші орын  алған  жүлдегерге  70 мың  теңге берілсе,  үздік үштікті  түйіндейтін қатысушы 50 мың теңге шамасындағы қаржылай жүлдені иеленеді.

Толығырақ: https://ngs.geology.kz/ru/about-us/news https://www.gov.kz/memleket/entities/geology?lang=kk

Қосымша ақпаратты geocontest@mail.ruэлектронды поштасына хабарласып, алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы