Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болды

26 Ақпан 2024, 16:05
379
Бөлісу:
Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болды
Фото: instagram.com/gggboxing

Кәсіби боксшы Геннадий Головкин ҰОК-нің президенті болып сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясының отырысында мәлім болды.

Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды, - делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатта.

Осыған дейін бұл лауазымға Геннадий Головкиннің кандидатурасын ұсынылғаны айтылған еді.

Бұған дейін аталмыш лауазымды Тимур Құлыбаев атқарып келген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы