Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Геннадий Головкин Өзбекстанмен ынтымақтастық орнату туралы келісім жасады

5 Шілде 2025, 04:38
705
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Өзбекстан мен Қазақстан спорт саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Offside.kz сайты жазды.

Өзбекстан Республикасы Спорт министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық Олимпиадалық және Паралимпиада комитеттердің басшылығы қазір Алматы қаласында жұмыс сапарымен жүр. Сапар барысында шенеуніктер бауырлас елмен спорт саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында кездесулер өткізуде , - деп атап өтті Өзбекстан ҰОК.

Ведомствоның мәліметінше Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, белгілі боксшы Геннадий Головкинмен келіссөз жүргізілді.

Кездесу барысында спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде ұлттық құрамалардың бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, ірі жарыстарға бірлесіп дайындалу, дарынды жастарды іріктеу, сондай-ақ спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Бұл сапар екі ел арасындағы спорттық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге қызмет етеді деп жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы