Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аз тонналы жүк автомобильдеріне, оның ішінде газельдер де бар, көлік салығының ставкалары бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Бұрын жүк газельдерінің иелері салықты қозғалтқышының көлеміне байланысты жеңіл автомобильдер ретінде төлеген.
Салық кодексіне енген толықтыруларға сәйкес газельдер сияқты жүк көліктері үшін салық сомасы жүк көтергіштігіне байланысты есептеледі.
Бұл өзгеріс салық сомасын орта есеппен 30-50%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Мәселен, қозғалтқышының көлемі 2500-ден 3000 текше см дейінгі және жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі жүк фургондарының иелері үшін салық сомасы 2021 жылы орта есеппен 26-30 мың теңгеден 14,6 мың теңгеге дейін төмендейді, – делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл өзгеріс 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Сондықтан 2021 жыл үшін осындай автомобильдер бойынша көлік салығы төмендетілген мөлшерлемемен есептелетін болады.