Газ бағасы келесі жылдың екінші жартысына дейін қымбаттамайды

30 Желтоқсан 2022, 13:30
798
Бөлісу:
Газ бағасы келесі жылдың екінші жартысына дейін қымбаттамайды

Еліміздің аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газыыңн бөлшек саудадағы бағасы тағы 6 ай бойы мемлекет тарапынан реттеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығында айтылған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша 5 шілдеде автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленген еді. Газ бағасы өңірге байланысты литріне 70 теңгеге дейін болды. Аталған бұйрықтың қолданылу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарда аяқталады.

Жалпы, сұйытылған мұнай газы нарығының бөлшек сегментінде еркін баға белгілеу жағдайында бағаның күрт өсу және қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің пайда болу қаупі бар. Осыған орай кеше күшіне енген бұйрыққа сәйкес, 2023 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке май құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік бағалық реттеу ұзартылды,- делінген құжатта.

Аталған құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы