Гавайидегі орман өртінен 50-ден астам адам қаза тапты

12 Тамыз 2023, 12:43
615
Бөлісу:
Гавайидегі орман өртінен 50-ден астам адам қаза тапты

Гавай аралдарында жалындап жатқан орман өртінен қаза тапқандар саны 53 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Мауи мен Үлкен аралда алты өрт ошағы бар.

Табиғи апат салдарынан 1700 үй мен ғимарат түгелімен қирады деуге болады. Мыңдаған жергілікті тұрғын мен туристер қауіпті аймақтардан эвакуацияланды.

АҚШ президенті Джо Байден Гавай аралдарындағы апатты жою туралы декларацияға қол қойды. Бұл федералды көмекті орман өртінен зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге пайдалануға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы