Гарри мен Меганды енді кім және қалай қаржыландырады

15 Қаңтар 2020, 00:39
2059
Бөлісу:
Гарри мен Меганды енді кім және қалай қаржыландырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ немересі Гарри мен келіні Меганның үлкен үйден еншісін алып кетуін қолдады, деп хабарлайды 24.kz.


Өтпелі кезең бойынша жасалған келісімге сәйкес олар Канада мен Ұлыбританияның екі ортасында өмір сүретін болады. Ұлы мәртебелінің иелігіндегі Сандрингем сарайы. Мұнда корольдік отбасының жоғары лауазымды мүшелерінің бәрі жиналды. Патшайымның ұлы Уильям, үлкен немересі Чарльз және Гарридің өзі. Тек кіші келіні Меган ғана жоқ. Ол қазір Канадада және телефон арқылы тілдесетін болады. Гарри мен Меган жаңаша өмір сүріп, қаржылай тәуелсіз болуды қалайды. 93 жастағы патшайым үшін шешім қабылдап, мәлімдеме жасау оңайға соққан жоқ.
Біз олардың корольдік отбасының толыққанды мүшесі болғанын қалағанымызбен, бөлек өмір сүру туралы шешімін құрметтейміз және қабылдаймыз. Олар біздің отбасымыздың маңызды бөлігі болып қала бермек, - деді патшайым.
  
Гарри ханзаданың айтуынша, ол әйелінің анасы сияқты ықпалды адамдардың құрбанына айналып бара жатқандай.

Айта кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірлеріне қол сұғуын тоқтатпақшы болған олар британиялық баспасөзді сотқа да берді.

Еске салсақ, Гарридің анасы Уэльс ханшайымы Диана автокөлік апатында қайтыс болған еді. Өлімге соңдарынан аңдыған папарацци кінәлі деп шешті БАҚ өкілдері.
12 жаста болғанда ол анасының табытының соңынан ерді. Ол өзін жаңа рөлде қабылдай алмады және қайғысы еселене берді. Бұл сезімдері Меганды кездестірген кезде тіпті күшейді. Гарри шешесімен болған жағдай әйелінің басына да түседі деп қорықты, - деді корольдік отбасының шолушысы Питер Хант.

Жастардың мәлімдемесі қарапайым халықты да алаңдатпай қоймады. Британиялықтар Еуропа тарихының тереңінде жатқан отбасының шырқы бұзылды деп есептейді. 

Бүгінде күллі Ұлыбританияны ханзада Гарри мен жұбайы Меганның жаңа рөлі қандай болмақ және әулеттің басқа мүшелерімен қандай қарым-қатынас орнатады? Гарри мен Меганды кім, қалай қаржыландырады және олардың табыс көзі не болмақ? және т.б. сол сияқты сұрақтар алаңдатып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Гарри ханзада мен Меган Маркл Букингем сарайын тастап кететінін және Меганның Ұлыбританиядан кетіп қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Өзгелердің жаңалығы