Ғани Бейсембаев Сеулде өткен саммитке қатысты

25 Қыркүйек 2023, 17:49
921
Бөлісу:
Ғани Бейсембаев Сеулде өткен саммитке қатысты
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрі Сеулге жұмыс сапарының барысынада GEIS білім және инновациялар жөніндегі жаһандық саммитке қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

GEIS әлем елдерінің білім саласында инновациялық тәжірибе алмасуына, оқытуды цифрлық трансформациялау бойынша ынтымақтасуға, сондай-ақ Оңтүстік Корея тәжірибесі негізінде жасанды интеллектті оқулықтарда қолдануға бағытталған. 

Биылғы жылы бұл шара «Цифрлық трансформация дәуіріндегі білім берудің инновациялық экожүйесі» тақырыбында өтті. Қатысушы елдер цифрландыру мәселелерін және оны білім беру жүйесіне енгізу мүмкіндіктерін талқылады. Панельдік отырыста Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндама жасады және қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ саммит кезінде министр ЭЫДҰ-ның білім және дағдылар жөніндегі директоры Андреас Шляйхермен кездесті. Тараптар отандық білім беруді дамыту перспективалары және ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы сөйлесті. Кездесуде Ғани Бейсембаев Андреас Шляйхерді Қазақстанға қонаққа келуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы