Гана астанасындағы су тасқынынан кемінде 13 адам қаза тапты

Билік құрбандар саны әлі де артуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

 Reuters TV Бүгiн 2026, 03:40
Бүгiн 2026, 03:40
121
Фото: Reuters TV

Гана астанасы Аккрада нөсер жаңбырдан кейін болған ірі су тасқыны салдарынан кемінде 13 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап BBC хабарлады.

Қатты жауын-шашыннан кейін қаланың бірқатар ауданын су басып, тұрғын үйлер мен автокөліктерге зақым келді. Сонымен қатар су тасқыны салдарынан резеңке өндіретін зауытта өрт шыққан.

Құтқару қызметінің мәліметінше, осы уақытқа дейін 470-тен астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Билік құрбандар саны әлі де артуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Синоптиктер елдің шығысынан тағы бір дауыл жақындап келе жатқанын хабарлағандықтан, тұрғындарға үйден шықпау немесе қауіпсіз биік жерлерге көшу ұсынылды.

Су тасқынынан зардап шеккен аудандарда электр желілері бүлініп, бірқатар елді мекенде электр қуаты уақытша өшірілді.

Наверх