Ғалымдар шоколадтың пайдасын анықтады

23 Наурыз 2022, 17:44
2456
Бөлісу:
Ғалымдар шоколадтың пайдасын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шоколадтың адам білмейтін пайдасы анықталды. Тіпті, оны диабетке шалдыққан жандарға да тұтыну керек деп жазады Lenta.ru.

Шоколадта зат алмасу мен инсулинге резистенттілікке, сондай-ақ қантамыр қабырғасына жағымды әсер ететін биологиялық белсенді заттар бар. Ол жеміс, көкөніс, балық, дән, қызыл шарап және сарымсақпен қатар, міндетті пайдалы өнімдердің қатарына кіреді, - деп атап өтті ғалымдар. 

Осы орайда, мамандар шоколадта кем дегенде 70% какао болатын қою түсті шоколад туралы сөз болып отырғанын алға тартты. Ақ және сүтті шоколадқа келер болсақ, оның пайдасы қарағанда зияны көбірек. Себебі онда қант, жануарлар майы мен өзге де қоспалардың құрамы көп.  

Өзгелердің жаңалығы