Ғалымдар семіздіктің алдын алатын жаңғақ түрін атады

2 Тамыз 2023, 19:36
866
Бөлісу:
Ғалымдар семіздіктің алдын алатын жаңғақ түрін атады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ғалымдар жаңғақтың бір түрі семіздіктің алдын алып, қосалқы ауруларға оң әсерін тигізетін қасиеті барын анықтады. Мамандар жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін күнделікті қанша жаңғақ тұтыну керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғалымдардың зерттеуі Nutrients журналында жарияланған.

АҚШ және Мексика ғалымдар тобы тәжірибе жүргізді. Олар тышқандарды пекан жаңғағымен қоректендірді. Белгілі болғандай, күнделікті рационына аталған жаңғақ түрін қосқан кеміргіштер салмақ қосуға бейім болмаған және диабетке шалдығу қаупі туындамаған.

Ғалымдар түсіндіріп өткендей, пекан жаңғағының құрамында полифенолдар көп болғандықтан, ол энергияның жұмсалуына септеседі. Сондай-ақ денедегі май концентрациясын азайтады. Бұдан бөлек организмде дисбактериозды, қабыну процестерін болғызбайды. Бұлшықеттерді қатайтады. Сонымен қоса бұл өнім қант диабетінің, бауыр ауруының алдын алады.

Мамандардың айтуынша, адам ағзасына жақсы әсер етуі үшін күнделікті 22-38 пекан жаңғағын тұтынған дұрыс. 

Өзгелердің жаңалығы