Ғалымдар қауіпті астероид Жерге жақын ұшатынын айтты

2 Қаңтар 2022, 14:08
2004
Бөлісу:
Ғалымдар қауіпті астероид Жерге жақын ұшатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Апофис деп аталатын қауіпті астероид Жерге қарай ұшып келе жатыр. Оның диаметрі 400 метр және салмағы 30 тоннаға жуық. 2029 жылдың сәуірінде астероид біздің ғаламшарға барынша қатты жақындайды. 

Бұл туралы РИА Новости хабарлап, РФ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасады.

Ол жермен соғысқан жағдайда 1717 мегатонна энергия босатылады. Бұл 1961 жылы сынақ кезінде жарылған ең жойқын кеңестік термоядролы бомбаның энергиясынан 30 есе көп.

Астероид құлаған орыннан 10 шақырым радиустағы жер сілкінісінің күші Рихтер шкаласы бойынша 6,5 балды құрауы мүмкін. Ал жел секундына 790 метр жылдамдықпен соғады, - деп жазылған РФ ТЖМ Бүкілресейлік азаматтық қорғаныс жән төтенше жағдайлар проблемасы жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының болжамында.

Алайда сарапшылар астероидтың Жермен соқтығысу ықтималдылығы қаншалықты жоғары екенін айтпады.

Ғалымдар бір ірі метеориттің жер бетіне құлауы тірі ағзаның жаппай қырылуына (осыдан шамамен 250 миллион жыл бұрын) алып келгенін айтып отыр. Луис Альварестің гипотезасына сәйкес, тағы бір метеорит динозаврлардың жер бетінен жоғалып кетуіне әкеп соқты.

Сондай-ақ The Sun газеті NASA деректеріне сілтеме жасай отыра Жерге қауіпті екі астероид жақындап келе жатқанын жазды. Аспан денелерінің бірі – 2013 YD48 астероиды – Биг-Беннің көлемімен бірдей, екіншісі – 7482 YD48 астероиды – Эмпайр Стейт Билдингтен екі есе үлкен.

2013 YD48 астероидының ені шамамен 104 метр. Ол 11 қаңтарда планетамыздан 5,6 миллион шақырым қашықтықта өтеді. 1994 PC1 астероиды Жердің жанынан 18 қаңтарда 0,013 астрономиялық бірлік қашықтықта өтеді.

Өзгелердің жаңалығы