Ғалымдар мұхитты ластанудан тазалайтын робот-балық ойлап тапты

25 Шілде 2022, 21:17
1713
Бөлісу:
Ғалымдар мұхитты ластанудан тазалайтын робот-балық ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайлық ғалымдар әлемдік мұхитты микропластиктен тазартатын робот-балық ойлап тапты. 

Сычуан университетінің ғалымдары пластик қоқыс ыдыраған соң түзілетін микропластиктің қалдықтарын «жейтін» ерекше балық жасап шығарды деп жазады «Хабар 24». 

Болашақта бионикалық машина әлемдегі мұхит суын тазартуға көмектеседі деп күтілуде. Ұзындығы бір жарым сантиметрді құрайтын құрылғы сырттай қарағанда кәдімгі балыққа ұқсайды және оған инфрақызыл сәуле бағытталса, қозғалады. 

Робот пластик қоқыс ыдыраған соң түзіліп, адам организміне зиянын тигізетін микропластиктің қалдықтарын жинайды.  

Микропластик ауыр металл сынды зиянды заттарды тартатын кеуекті құрылымнан тұратыны белгілі. Бұл оның уыттылығын одан сайын күшейте түседі. Ол әдеттегі пластикке қарағанда адамға көбірек зиян тигізеді. Сондықтан осы проблемамен күресуді қолға алдық, - дейді роботты әзірлеген ғалымдар. 

Өзгелердің жаңалығы