Ғалымдар күйзеліссіз өмірдің жағымсыз тұстарын анықтады

24 Наурыз 2021, 21:15
1796
Бөлісу:
Ғалымдар күйзеліссіз өмірдің жағымсыз тұстарын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пенсильвания университетінің психологтар тобы уайым-қайғысыз өмірдің өзіндік кемшіліктері бар екенін анықтады. 

Зерттеушілер тәжірибе жүргізіп, 2711 еріктіні іріктеп алды. Олар 8 тәулік бойы күндерін қалай өткізетіні және көңіл-күйлері қандай болатыны жөнінде есеп берулері тиіс болды.

Ғалымдарды олардың күнделікті көңіл-күйі және бір күнде бастан кешіретін күйзелістері қызықтырды. Оларға достарымен немесе отбасымен келісу алмау және жұмыстағы проблемаларына дейінгі мәліметтер қажет болды. Бұдан бөлек еріктілер күні бойғы жағымды эмоцияларымен қатар сырқаттанған жерлері жөнінде де есеп беріп отырды: бас, тамақ аурулары, жөтел. Сауалнамадан кейін олар арнайы когнитивтік тестілеуден өтті. Оның нәтижесі Emotion журналында жарияланды.

Зерттеу жұмысында анықталғандай, күнделікті өмірде күйзеліске жиі ұшырамайтын адамдар эмоционалды тұрғыда байсалды болады, әрі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Алайда күйзелістің жоқтығы олардың когнитивтік қабілеттеріне, сондай-ақ уайымдау және жағымды эмоцияларды сезіну бейімділігіне кері әсер етеді екен.

Деректерді саралай келе күйзеліссіз өмірдің кейбір жағымды тұсы бар екені анықталды. Осылайша тәжірибе кезінде ешбір күйзеліске тап болмаған еріктілердің 10 пайызы іріктелді. Олар 8 күн бойы жақсы көңіл-күйде болғанын мәлімдеді. Зерттеу барысында олардың созылмалы ауруларға бейім емес екені анықталды. 

Дегенмен олардың когнитивтік қабілетті анықтайтын тестте төмендеу нәтиже көрсеткені белгілі болды. Бұл адамдар жағымды эмоцияларымен көп бөліспеген. Зерттеулер көрсеткендей, оларға қажетті эмоционалдық қолдау көрсетілмеген, тіпті еріктілер өзге адамдарға қолдау көрсетпеген екен.

Зерттеу жұмысының бірлескен авторы Дэвид М. Алмейда кішігірім күйзеліс ми қызметін белсенді етеді деген тұжырым жасады. 

Күйзеліс сізді проблеманы шешуге мәжбүрлейді. Бұл әсіресе ересек кезде когнитивтік қабілеттің дамуына пайдалы болады, - деп атап өтті ол.

Психологтардың сөзінше, бұрын күйзелістің тек кері салдарлары ғана зерттеліп келген. 

Алмейда бар түйін күйзелістің өзінде емес, керісінше адамның оны қалай қабылдауында дейді. Күйзелісті қатты толқыныспен қабылдау эмоционалдық жағдайдың нашарлауына және созылмалы аурулардың пайда болуына әкеп соғады. 

Күні бойы біреумен дауласу, компьютер жұмысында ақаудың пайда болуы немесе жолда кептеліске түсу тәрізді кішігірім күйзелісті бастан кешіру - адамның өмірі қызыққа толы екенін аңғартады. Күйзелістің болуы - сіздің қоршаған ортаға қатысыңыз бар екенін көрсетеді, - деп түсіндірді ғалым.

Өзгелердің жаңалығы