Аустралия ғалымдары жасанды интеллектінің көмегімен инсультті алдын ала анықтайтын қосымша ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Ол бет бұлшықеттерінің қозғалысы арқылы бірнеше секундта аурудың белгісі бар-жоғын дәл табады.
Тек адам бір сәтке күлімсіресе жеткілікті. Ал оның беті жиырылса, қосымша жақында болған инсультті бірден аңғарады - дейді жоба авторлары.
Технологияны мамандар еріктілер арасында сынап көрген. Сынақ нәтижесі инсультке шалдыққан науқастардың 82%-ын дәл тауыпты.