COVID-19-ға шалдыққандардың үштен бір бөлігінде жүйке бұзылыстары пайда болады

8 Сәуір 2021, 19:25
1076
Бөлісу:
COVID-19-ға шалдыққандардың үштен бір бөлігінде жүйке бұзылыстары пайда болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық және британиялық ғалымдар тобы зерттеу жүргізіп, коронавируспен ауырғандардың індет салдарынан психикалық жағдайының қалай өзгергенін анықтады.

Мамандардың жұмысы The Lancet Psychiatry басылымында жарияланды.

Шетелдік сарапшылар тәжірибе жүргізді. Оған 200 мыңнан астам адам қатысты. Еріктілер жүйке және психикалық бұзылыстардың 14 түріне тексерілді. Кейіннен зерттеуге қатысқандар COVID-19-бен ауырып жазылғаннан кейін жарты жылдан соң қайта тексерілді.

Зерттеу нәтижесінде коронавирусқа шалдыққандар басқа вирустық ауруларға шалдыққандарға қарағанда ми қызметіндегі бұзылыстарының пайда болуына бейім болатыны анықталды.

Ғалымдардың сөзінше, респонденттердің үштен бір бөлігінің психикалық денсаулығы нашарлаған.

Сонымен қатар мамандар 17% еріктіде үреймен байланысты бұзылыстар болатынын, екінші орында аффективті бұзылыстардың кездесетінін растады. Ол респонденттердің 14%-ында пайда болған.

Бұған дейін үндістандық дәрігерлер коронавирустың адам психикасына тигізетін әсерін жіті зерттеген еді. 

Олардың айтуынша, психологиялық зақым екі проблеманың салдарынан туындайды. Олардың алғашқысы карантинге байланысты қалыптасқан әдеттегі өмір салтының шектелуі болса, екіншісі отбасы мүшелері арасында коронавирустың таралуымен байланысты беймәлімділіктен пайда болатын қорқыныш екен.

Өзгелердің жаңалығы