Ғалымдар азаматтардың конституциялық құқықтарын талқылады

27 Тамыз 2022, 20:40
724
Бөлісу:
Ғалымдар азаматтардың конституциялық құқықтарын талқылады

Өскеменде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Конституцияның қабылданғанына 27 жыл толуына орай "Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізгі құндылығы" атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, университет ғалымдары арасында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Құттықтау сөзімен Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, заң ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Мұхтар Төлеген сөз сөйледі.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы жиырма жеті жыл бойы өз күшінде. Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары оның жоғары сапасында, онда жарияланған құндылықтарға адалдығында жатыр. Конституциялық реформа қоғамда, атап айтқанда, біздің ЖОО-да қызу талқыланып, баптар бойынша түзетулер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін атап өткім келеді. Көріп отырғанымыздай, референдумның нәтижесі саяси жаңарудың айқын символына айналды, – деп атап өтті Мұхтар Төлеген.

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ерлан Қорабаев Конституцияның мемлекет тұрақтылығының кепілі екенін айтты.

Еліміздің қолданыстағы Конституциясын қабылдау күні Қазақстан халқы өзінің тарихи таңдауын жасап, бұрынғы маңызды өзгерістерді және қоғамды одан әрі жетілдіруге деген ұмтылысты растады. Қазақстан Конституциясы адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын сақтаудың кепілі болып табылады. Ол Қазақстанды демократиялық мемлекет деп жариялайды. Демократия, ең алдымен, мемлекет ішіндегі халықтық басқаруды қамтамасыз етуде көрінеді, – деп атап өтті Ерлан Қорабаев.

Сондай-ақ, Ректор Республика Конституциясының 30-бабында бекітілген білім алу құқығы адам мен азаматтың негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Мысалы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті білім алуға адамның конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда. Университет өз қызметінің басында қолжетімді сапалы жоғары білім беру және жоғары білікті мамандарды даярлау міндетін қояды. Мәселен, QS халықаралық рейтингінде 251-300 орын, ARES-2021 халықаралық рейтингінде ҚР 95 ЖОО арасында бесінші орын, Үздік ЖОО Ұлттық рейтингінде-2022 С. Аманжолова атындағы ШҚУ көпсалалы ЖОО арасында бесінші орынды иеленді.

Өзгелердің жаңалығы