Ғалымдар Арктиканың бірден жылынып кетуінің себебін анықтады

7 Шілде 2022, 21:45
1978
Бөлісу:
Ғалымдар Арктиканың бірден жылынып кетуінің себебін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арктиканың жылынуы әлемнің қалған бөлігіне қарағанда төрт есе жылдам орын алуда. 

Лос-Аламосс ұлттық зертханасының ғалымдары осындай мәлімдеме жасады деп жазады Lenta.ru.

Зерттеушілердің Geophysical Research Letters журналында жарияланған мақаласында 1970-2000 жылдары арктикалық амплификацияның орташа жылдық индексі 2 мен 3-тің аралығында болған. Сол кездің өзінде арктикалық өңірдің климаты жаһандық жылынуға екі-үш есе сезімталдық танытқан. Ал 1986 және 1999 жылдары жер үстіндегі ауа температурасы тұрақты болып қалса, Арктикада керісінше, өсе түскен.

Оған теңіз мұзының еруі мен атмосферадағы су буының құрамы арасындағы кері байланыс әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ Атлантикадан Арктикаға атмосфералық және мұхиттық жылудың ауысуы да ықтимал етуі ықтимал. 

Ғалымдардың сөзінше, алғашқы өзгерістерге алып келген үлгілер болашақтағы климаттық болжам үшін жарайтынын айтады. Әдетте климатологтар жеке болжам жасаудың жалпы нәтижесі климаттық үлгілердің нәтижесінің орташа қорытындысын алады. Алайда бұл жағдайда ондай қадамға бару келешекте климатқа айтарлықтай ықпал ететін құбылысты назардан тыс қалдыруға әкелуі мүмкіндігін ескертті.  

Өзгелердің жаңалығы