Ғалымдар ағзада COVID-19 белсенділігін төмендететін азық-түліктерді атады

4 Желтоқсан 2020, 17:41
1163
Бөлісу:
Ғалымдар ағзада COVID-19 белсенділігін төмендететін азық-түліктерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүзімдегі, көк шайдағы, шоколадтағы және какаодағы химиялық қосылыстар коронавирус ферменттерін бұғаттауға қауқарлы.

АҚШ Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары коронавирус ферменттерінің белсенділігін төмендете алатын өнімдерді атады. Олардың зерттеу нәтижелері Frontiers in Plant Science басылымында жарияланды.

Зерттеушілер жүзімдегі, көк шайдағы химиялық қосылыстар адам ағзасында коронавирустың таралуына бөгет болатынын анықтады. Себебі бұл өнімдердің құрамындағы заттектер SARS-CoV-2 протеазасының ферменттерін бұғаттап тастайды екен.

Бұдан бөлек COVID-19 ферменттерінің белсенділігін төмендететін заттарға шоколад және какао жататыны да анықталды.

Өзгелердің жаңалығы