Ғалымдар 50 жасқа дейін инсульт қаупін екі есе арттыратын факторларды атады

17 Сәуір 2025, 16:42
557
Бөлісу:
Ғалымдар 50 жасқа дейін инсульт қаупін екі есе арттыратын факторларды атады
Фото: BAQ.KZ

Еуропалық ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, 50 жасқа дейінгі жастар арасында мигрень және басқа да бейдәстүрлі қауіп факторлары инсульт қаупін екі есеге дейін арттыруы мүмкін. Бұл туралы Stroke ғылыми журналында жарияланған мақалада айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зерттеу барысында 1000-нан астам адамның медициналық деректері талданған. Олардың жартысы – белгісіз себеппен инсульт алғандар. Нәтижесінде, жас адамдарда инсульт көбіне дәстүрлі себептерден емес (мысалы, гипертония немесе холестериннің жоғары деңгейі), керісінше, жиі ескерілмейтін факторлардан туындайтыны анықталған. 

Мәселен, инсультқа себеп болуы мүмкін:

  • Мигрень,
  • Веналық тромбтар (қан ұйындысы),
  • Бауыр мен бүйрек аурулары,
  • Онкологиялық дерттер,
  • Жүктілік кезіндегі асқынулар және
  • Қант диабеті.

Атап айтқанда, жүректің екі жүрекшесі арасындағы кішкентай туа біткен ақау – ашық овальді терезесі (PFO) бар науқастарда инсульт пен осы бейдәстүрлі факторлар арасындағы байланыс айқын байқалады. 

Зерттеуді жүргізген профессор Юкка Путаала (Хельсинки) жас адамдарда тіркелетін ишемиялық инсульттардың жартысы әлі күнге дейін нақты түсіндірілмегенін айтады. Оның ішінде, ең көп зардап шегетін – әйелдер.

Сондықтан дәрігерлер тек қан қысымы мен холестеринге ғана емес, жеке қауіп факторларын жан-жақты бағалауға назар аударуы тиіс, – дейді ол.

Мигреньнің инсультке әсері әйелдерде ерлерге қарағанда әлдеқайда күштірек. Тіпті бір ғана бейдәстүрлі фактордың өзі инсульт қаупін айтарлықтай арттырады – кей жағдайда бұл көрсеткіш екі есеге жетуі мүмкін.

Маманның айтуынша, инсульттан кейінгі тексеру де өте маңызды. Бұл болашақта аурудың қайталануын болдырмауға көмектеседі.

Өзгелердің жаңалығы