Ғалым: "Майсыз ет – умен тең"

8 Қазан 2022, 15:02
24312
Бөлісу:
Ғалым: "Майсыз ет – умен тең"

Павлодарда өткен жылқытанушылардың халықаралық конференциясында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Әлжан Шәмшидин осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі кезде әлемдегі, әсіресе Америкадағы генетикалық талдау жоғары деңгейде дамыған. Олар басқаны қойып, ет талшығына генетикалық талдау жасай алады. Бұл өз кезегінде баяғыдай бір тұқымды шығаруға 70-80 жыл жоғалтуды 20-25 жылға дейін қысқартты. Яғни кез келген жаңа тұқым шығару үшін 25 жыл жеткілікті деген сөз. Ал біз жүрміз әлі күнге дейін төрт елі қазы, бармақ қазы берді деп мәз болып – дейді ғалын өз баяндамасында. 

Ол қазіргі уақытта дұрыс тамақтану деген ұстанымның мүлде қате екенін айтады.

Бірде-бірінің дұрыс тамақтанудан хабары жоқ, бірақ бізге дұрыс тамақтануды үйреткілері келеді. Осыдан 2000 жыл бұрын өмір сүрген Мая тайпасынан «Майсыз ет – умен тең» деген сөз қалған екен. Сол сөзді 2020 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өз сайтына лозунг ретінде жазып қойды – дейіді Әлжан Смайылұлы.

Ол майсыз еттің семіздікке алып келетінін айтады.

Тағам жегенде де тепе-теңдік болмаса ағзаға кері әсерін тигізеді. Еуропалықтардың, американдықтардың семіздіктен зардап шегіп отыруының өзі содан. Мысалы менің салмағым қазір 115 кг болса, олардың 12-13 жастағы балаларының салмағы сондай. Себебі ағзаға май арқылы берілетін белок жетіспей қалған. Осыдан-ақ тамақтанудағы «моданың» қайда апаратынын көруге болады – дейді ғалым.

Өзгелердің жаңалығы