1990 жылдың 25 қазанында Алматыда егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл елдің тәуелсіздігі үшін өте маңызды құжат еді. Тарихшылардың пікірінше, аталған декларация әлі де болса өзінің тарихи бағасын алған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Этнограф, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев егемендік декларациясы қазақ елін бодандықтан босатты деп санайды. Себебі дәл сол құжаттың арқасында Қазақстан Кеңес одағы құрамынан шыққан еді. Бірақ уақытында бұл маңызды қадам туралы көп айтыла бермепті. Ғалым оның өзіндік себебін де болжамдап жеткізді. 25 қазан – Республика күні мен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесінің қандай айырмашылығы мен артықшылығы бар? Толығырақ «Мінбер» жобасының мерекеге арналған шығарылымынан көре аласыздар.