Футзалдан Қазақстан мен Беларусь ойыны елордада өтеді

19 Ақпан 2021, 15:51
2094
Бөлісу:
Футзалдан Қазақстан мен Беларусь ойыны елордада өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің аясында футзалдан Қазақстан мен Беларусь құрамалары Нұр-Сұлтанда кездеседі, деп хабарлады Olympic.kz. 

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді.  

Қазақстан мен Беларусь құрамасы наурыз айында екі рет кездеседі. Атап айтқанда, алғашқы ойынды 2 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт кешені қабылдайды. 

Минск қаласында өтетін екінші кездесу 8 наурызға жоспарланған. 

Айта кетерлігі, бас бапкер Рикарду Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны 25 ақпанда басталады.

Өзгелердің жаңалығы