Футболдан премьер-лига: 15-тур ойындарының кестесі жарияланды

15 Шілде 2023, 18:17
562
Бөлісу:
Футболдан премьер-лига: 15-тур ойындарының кестесі жарияланды
Фото: Артём Чурсинов

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 15-турының бес ойыны басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған тур 15 және 16 шілде күндері өтеді. Бүгін 4 ойын болса, 16 шілдеде бір кездесу белгіленген.

Бұл турдағы бір ойын алдын ала өткізілсе, біреуі кейінге қалдырылған.

Бүгін, 15 шілде, сағат 17:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Қайрат» (Алматы) аталған турдың алғашқы ойынын өткізеді.

Ал 19:00-де «Мақтарал» (Түркістан) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ақтөбе» шеберлік байқасады.

Сағат 20:00-де «Атырау» мен «Ордабасы» (Шымкент) кездеседі.

16 шілдеде 20:00-де «Каспий» (Ақтау) пен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.

Бұл турдағы «Аксу» (Павлодар облысы) мен «Астана» кездесуі 24 мамырда өткізіліп, елордалық команда 1:0 есебімен басым түсті.

Енді 27 қыркүйекте «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады.

Өзгелердің жаңалығы