Футболдан әлем чемпионатын қайдан көруге болады

3 Қараша 2022, 17:27
2038
Бөлісу:
Футболдан әлем чемпионатын қайдан көруге болады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылғы 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатын көрсету құқығын иеленді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қазақстандық жанкүйерлер чемпионат матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен бірге qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалады. 

ХХІІ әлем біріншілігі Қатардың 5 қаласында 8 стадионда өтеді. Трансляциялардан бөлек, бір ай бойы тікелей эфирде арнайы бағдарламалар циклы ұйымдастырылады. 

ХХІІ әлем біріншілігінің ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығы тек «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясына тиесілі. Чемпионатты өзге ақпарат көздерінен трансляциялауға, таратуға тыйым салынады. Ел аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік ғимараттар мен қоғамдық орындардағы көрсетілімдер де тек «Qazaqstan», «Qazsport» арналарының эфирі арқылы жүзеге асуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы