Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеулік «Динамоның» түлегі Анатолий Катрич «Атыраудың» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы атыраулық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
27 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы «Динамо» сапында 116 матчқа (49-ы негізгі командада) қатысқан.
Одан бөлек ойыншы «Краснодар», «Урал», «Луч» және «Текстильщик» командаларында өнерк өрсеткен.