"Тіпті Фредди Роучтың өзі жоғары бағалады": Қазақ боксшысы Американы таңғалдыруда

5 Қаңтар 2020, 10:52
8267
Бөлісу:
"Тіпті Фредди Роучтың өзі жоғары бағалады": Қазақ боксшысы Американы таңғалдыруда
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев 2019 жылғы әуесқой бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов пен оның жеке бапкері Марат Жақиев туралы туралы пікірін білдірді.

WhatsApp Image 2020-01-05 at 10.46.00.jpeg
Маңғыстау бокс мектебінің белді ұстазы, бокс шебері Марат Жақиев ағамыз шәкірттерімен АҚШ-ты мойындатуда. Бұл кісінің бапкерлік біліктілігін Фредди Роучтың өзі жоғары бағалап, Marat деген жазуы бар қолға киетін жаттығу жарағын (лапаны) өз атынан сыйға тартты. Марат ағамыз жаттықтыратын талантты боксшылардың ішіндегі әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовті АҚШ-тың бокс мамандары мақтап жатыр. Кәсіпқой бокста да келешегі жарқын деп отыр. Олар Америкада оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, елге қайтып барады. Бекзат жаздағы Токио Олимпиадаcында топ жарады деп сенеміз. Қазақ боксшы әлемді жаулап келеді! Алға Қазақстан!, - деп жазды Мадияр Әшкеев Instagram-дағы парақшасында. 
WhatsApp Image 2020-01-05 at 10.47.16.jpeg

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен Әлем чемпионатында 81 келіде чемпион атанған. 

WhatsApp Image 2020-01-05 at 10.47.18.jpeg

Ал Фредди Роуч – амекерикалық кәсіпқой бокс жаттықтырушысы. Жеті мәрте жылдың үздік бапкері атанған. Ол Амир Хан, Бернард Хопкинс, Владимир Кличко, Денис Лебедев, Оскар де ла Хойя, Питер Куиллин, кіші Хулио Сесар Чавес, Цзоу, Шимин секілді танымал боксшылармен жұмыс істеген.

Өзгелердің жаңалығы