Франциядағы тәртіпсіздіктерден келген шығын 1,2 млрд еуроға жетуі мүмкін

20 Қазан 2026, 20:25
АВТОР
 AP/Эмма Да Силва 20 Қазан 2026, 20:25
20 Қазан 2026, 20:25
188
Фото: AP/Эмма Да Силва

Францияда болған жаппай тәртіпсіздіктерден кейін елге келген экономикалық шығынның көлемі белгілі бола бастады. Morningstar DBRS рейтингтік агенттігінің бағалауынша, тонау мен мүлікті қиратудан келген шығын қазірдің өзінде 1,2 млрд еуроға жетуі мүмкін.

Бұл қомақты сомаға қарамастан, Morningstar DBRS агенттігінің сақтандыру бөлімінің басшысы Маркос Альварес ірі сақтандыру компаниялары қаржылық салмақты еңсере алатынын айтады.

Егер алдағы уақытта зорлық-зомбылық қайталанбаса, Франциядағы соңғы тәртіпсіздіктер елдің ірі сақтандырушыларының қаржылық нәтижелеріне әсер ететін оқиға болады деп күтеміз. Алайда бұл олардың капиталына кері ықпал етпейді, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Францияда коменданттық сағат енгізілгені хабарланды.

Сондай-ақ, Франциядағы наразылықтарға байланысты полиция 400 адамды ұстады.

Тағы оқи отырыңыз:

Франциядағы тәртіпсіздіктер: Макрон үкіметтен шұғыл шара қабылдауды талап етті

Францияда люкс бутиктер тоналып, қоғамдық ғимараттар өртенді: Тәртіпсіздік неден басталды?

Наверх