Францияда жазғы олимпида ойындарына дайындық басталды

18 Шілде 2023, 11:25
412
Бөлісу:
Францияда жазғы олимпида ойындарына дайындық басталды
Фото: Хабар24

Парижде таяуда Аустерлиц көпірінен Эйфель мұнарасына дейінгі аралықты 40-қа жуық қайық бір уақытта жүзіп өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар осылайша Сена өзенінің бойымен 6 шақырымдық қашықтықтықты сынап көрді. Дәл осы жерде олимпиаданың ашылу салтанаты болады деген жоспар бар. 

Халықаралық спорттық шараға 600 мыңнан астам көрермен жиналады деп күтілуде. Жазғы Олимпиада ойындары келесі жылы шілденің 26-сынан тамыздың 11-не дейін өтуге тиіс. Сайыста спортшылар 32 спорт түрі бойынша бақ сынайды. 

Өзгелердің жаңалығы