Францияда жанармай бекеттері жабылып жатыр

6 Қазан 2022, 20:58
3470
Бөлісу:
Францияда жанармай бекеттері жабылып жатыр

Францияда энергетикалық дағдарыс ушығып тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. Бензин тапшылығынан елдегі жанармай құю бекеттері жабылып жатыр. Ал сұраныс күннен күнге артуда. Мұнай-газ компанияларының қызметкерлері болса еңбек жағдайы жақсарып, жалақы көтерілмесе жұмысқа шығудан бас тартады.  Тотал Энерджис ((TotalEnergies)) компаниясының мамандары бір аптадан астам уақыт бойы наразылық акция ұйымдастыруда.  

Францияның бірнеше мұнай өндіру зауыттарында наразылық акциялар ұйымдастырылды. Оның төртеуі Тотал Энерджис ((TotalEnergies)) компаниясына тиесілі.  Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Жанармай құю бекеттерін қордағы бензинмен қамтамасыз етуге тырысамыз, - деді Франция үкіметінің ресми өкілі Оливье Веран.

Өзгелердің жаңалығы