Францияда арамшөп талшықтарынан жасалған маска шығарыла бастады

31 Тамыз 2020, 17:10
1818
Бөлісу:
Францияда арамшөп талшықтарынан жасалған маска шығарыла бастады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерекше масканы жасап шыққандардың айтуынша, бұл алғашқы экологиялық қорғаныш маскасы болып саналады. Оның құрамындағы заттардың бәрі табиғи жолмен ыдырайды. 

Design Boom хабарлауынша, Geochanvre франциялық өндірістік компаниясы коронавирусқа қарсы тағатын бірреттік қорғаныш маскаларын шығара бастады. Экологиялық таза маскалар арамшөп талшықтарынан жасалған.

2539292.jpg

Масканың ішкі қабаты қордаланған жүгері крахмалынан жасалған жұқа матамен қапталған. Ол бетті қажамайды. Сондай-ақ, табиғи жолмен ыдырап, табиғатқа залал келтірмейді. Тіпті, масканы бетте ұстап тұратын резеңке де қайта өңделетін материалдан жасалған.

Арамшөптен жасалған матаның арқасында өндірушілер желім тәрізді жабысқақ сұйықтықтарды қолданудан бас тартты. 

Бұндай маскалардың ауа өткізгіштік қасиеті - 89% құрайды.

Арамшөптен жасалған 50 маскадан тұратын бір қаптама 34,29 еуродан (17 184 теңгеден) сатылады. Сатып алатын адам маскаға логотип немесе сурет салдыруға тапсырыс бере алады. 

2539293.jpg



Өзгелердің жаңалығы