Францияда халықтың осал топтарын инфляциядан қорғау үшін шұғыл түрде 20 млрд еуро бөлінді. Тиісті заң рекордты мерзімде қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өйткені елдегі инфляция деңгейі 6%-тен асып кеткен. Бұл соңғы 30 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Жаңа заңға сәйкес жылдың басында болған индексацияға қоса әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы мөлшері 4 процентке артады. Алғаш рет қызметкерлердің сыйақысы мен еңбекақыларынан белгілі бір мөлшерде салық алынбайтын болды. Пәтерақысын да аса өсірмеуге шаралар қабылданды.
Ауыр энергетикалық дағдарысты бастан кешіп отырмыз. Қазіргі инфляцияның 60% энергия бағасының өсуіне байланысты, – деді Францияның таза энергияға ауысу министрі Аньес Панье-Рунаше.