Францияда ауқымды рейд барысында елдің түрмелеріне жасалған шабуылдарға қатысы бар деп күдіктелген 25 адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
Ұстау операциялары 28 сәуір күні таңертең Париждің Эль-де-Франс аймағында және Марсель, Лион, Бордо қалаларында өтті. Ұлттық терроризмге қарсы прокуратура рейдтердің бірнеше күнге созылатынын және күдіктілер санының артуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Соңғы екі аптада өзін "француз тұтқындарының құқықтарын қорғаушы топ" деп атаған ұйым түрме мекемелеріне және қызметкерлеріне шабуыл жасап, мекемелер жанындағы көліктерді өртеп, Telegram арқылы қорқынышты бейнелер таратқан. Сонымен бірге минометпен атқылау және Калашников автоматтарымен қарулы шабуылдар тіркелген.
France24 мәліметінше, терроризмге қарсы прокуратура мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқарма бұл шабуылдарды ауыр ұйымдасқан қылмыстың бір бөлігі деп санайды. Тергеу ісіне бүкіл ел бойынша 200-ге жуық тергеуші тартылған.
Францияның Ішкі істер министрі Жеральд Дарманен шабуылдардың себебін елдегі ең қауіпті 700 есірткі сатушының 200-ін қатаң режимдегі түрмелерге ауыстыру жоспарының салдары болуы мүмкін екенін атап өтті.