Франция: Елисей алаңында маскасыз жүруге болмайды

16 Тамыз 2020, 19:23
1835
Бөлісу:
Франция: Елисей алаңында маскасыз жүруге болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді Париж қаласындағы Латын кварталында да, Елисей алаңдарында да серуендегенде маскасыз жүруге болмайды. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Франциядағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бірқатар қалада адам көп жиналатын көшелер мен орындарда маска тағу міндетті болып саналады. Елде коронавирус тестілері өткізіліп, аурудың анықталуы 2,4 пайызға дейін өскен. Соңғы аптаның өзінде 600 мыңнан астам адам анализ тапсырған. 

Мен көшеде жалғыз серуендеп жүріп маска тағу керек дегенмен келіспеймін. Көліктің ішінде, дүкенде тағу міндетті. Алайда, барлық жерде үнемі тағу қажет емес, - дейді Кольмардан келген турист Андела Нарделла. 
Қаншама адам қайтыс болды, масканы барлық қоғамдық орындарда тағуды міндетті ету керек. Әрине, соңғы бірнеше күні болған аптап ыстықта маска тағу оңай емес. Бірақ өзіңді ғана емес, өзгені де ойлау керек. Біз, осылайша, денсаулығы нашар адамдарды қорғаймыз, - деп санайды Париж тұрғыны Анук Экпьяс. 

Францияның Денсаулық сақтау министрлігі жастар арасында індетке шалдыққандар санының өскенін атап өтті. Ел аумағында коронавирус жұқтырудың 342 ошағы тіркелген. Париж бен Марсель ауру жұқтыру қаупі жоғары аймақтар қатарына кірді.




Өзгелердің жаңалығы