Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды

7 Қаңтар 2021, 11:47
1032
Бөлісу:
Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 6 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады.

6 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келген. 1 485 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 186 адам, анықтамасыз 299 ҚР азаматтары бар.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 482 жолаушы, анықтамамен - 311; анықтамасыз - 171;

Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 487 жолаушы, анықтамамен - 456, анықтамасыз - 31; 

Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 277 жолаушы, анықтамамен - 263; анықтамасыз - 14;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы, анықтамамен - 156; анықтамасыз - 83.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

5 қаңтарында шетелдерден анықтамасыз келген 215 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Өзгелердің жаңалығы