ForteBank «Қазақстан халқына» қоры үшін заңды тұлғаларға арналған шоттарды алғашқылардың бірі болып ашты

18 Қаңтар 2022, 09:30
1113
Бөлісу:
ForteBank «Қазақстан халқына» қоры үшін заңды тұлғаларға арналған шоттарды алғашқылардың бірі болып ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ForteBank АҚ жаңа Басқарма Төрағасы Рейнис Рубенистің алғашқы бастамаларының бірі «Қазақстан халқына» қоры үшін заңды тұлғаларға арналған шоттар ашу болды. Қор 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасының аясында құрылды.

«Соңғы аптада бәріміз елдегі қайғылы оқиғалардың куәсі болдық. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, ал жарақаттанғандарға тезірек сауығып кетуді тілеймін.

Бүгін ForteBank жақында болған қайғылы жағдай салдарынан елді қайта қалпына келтіру үшін құрылған «Қазақстан Халқына» қоры үшін шоттар ашты. 

Қазақстан халқына күш-қуат, сабыр және жарқын болашаққа сенім тілеймін. Біріге отырып біз бұл қасіреттен өтіп, сеніммен кемел болашаққа қадам басамыз» - деді Рейнис Рубенис.

Мемлекет басшысы ірі бизнес өкілдерін бастамаға үлес қосуға шақырғандықтан ForteBank қор үшін заңды тұлғаларға арналған шоттар ашу туралы шешімді алғашқылардың бірі болып қабылдады. Қор қаражаты Қазақстан халқына әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалады.

Реквизиттер:

ОФ «Қазақстан халқына»

БИН 220140006999

ИИК KZ0896503F0010863168 в АО ForteBank

БИК IRTYKZKA

КБе 18

Байланыс үшін:

Баспасөз қызметі

Тел.: +7 (7172) 59 99 99 (вн. 10868, 10975) 

 

Өзгелердің жаңалығы