Форт-Лодердейл қаласы су астында қалды

АҚШ-тың Флорида штатында бірнеше сағат бойы төпелеп жауған жаңбырдан Форт-Лодердейл қаласы су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 Сәуір 2023, 22:30
АВТОР
 mybrokerone.com 14 Сәуір 2023, 22:30
14 Сәуір 2023, 22:30
1043
Фото: mybrokerone.com

АҚШ-тың Флорида штатында бірнеше сағат бойы төпелеп жауған жаңбырдан Форт-Лодердейл қаласы су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көшелер көлге айналып, жұртты әбігерге салды. Жергілікті әуежай жабылып, көлік қозғалысы қиындап тұр. Аймақта төтенше жағдай режимі жарияланған.

Жергілікті метеорологиялық қызмет өкілдерінің айтуынша, елді мекенге 600 миллиметрден астам жауын түсіпті.

Қазір көшелерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Ал үйлерін су басқан тұрғындарға Қызыл крест ұйымы көмектесуде.

Наверх