Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

27 Мамыр 2023, 09:00
752
Бөлісу:
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
Фото: Үкімет

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің «BBB» деңгейінде екенін растады, болжам – «Тұрақты», деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар сыртқы сілкіністерге өзінің орнықтылығын дәлелдеген тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары болып табылады.

Агенттік есебінде активтердің едәуір қорлары бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететіні атап көрсетілген.

Сарапшылар қазіргі шоттың профициті 3,4%-ға жақсарғаннан кейін 2024 жылға дейін сақталады деп отыр, бұл – соңғы 11 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Олардың пікірінше, бұл Қазақстанның сыртқы балансын одан әрі нығайтуға ықпал етпек.

Жалпы Fitch Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,5%-ға дейін және 2024 жылы 4,8%-ға дейін өседі деп болжап отыр.

Өзгелердің жаңалығы