Фируза Шәріпова қарсыласынан жеңіліп қалды

12 Желтоқсан 2021, 09:33
1377
Бөлісу:
Фируза Шәріпова қарсыласынан жеңіліп қалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фируза Шәріпова мен ирландық Кэти Тейлор арасындағы жекпе-жек бүгін Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен болатын. 

салмақтағы титулдық кездесу он раундтқа шақталған, ал жеңген адам Тейлордың WBC, WBO, WBA, IBF секілді әлем чемпионы титулдарын иеленуге тиіс еді. 

Бұл айқас әділқазының бірауыздан шешімі бойынша Тейлордың жеңісімен аяқталды. Дегенмен Фируза абсолют чемпионға он раунд бойы азулы қарсылық көрсете білді. Тек алтыншы раундта ғана рефери оның бір ұпайын алып қойды. 

Осылайша Кэти Тейлор өзінің кәсіби спорт жолындағы жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізіп, бүкіл титулдарын, жеңіл салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Фируза Шәріпова кәсіпқой бокста екінші рет жеңіліс тапты. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 2016 жылдан бері бір де бір мәрте жеңілген жоқ еді.


Өзгелердің жаңалығы