Фируза Шарипова боксқа қайта оралды

16 Сәуір 2020, 09:17
1234
Бөлісу:
Фируза Шарипова боксқа қайта оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мансабын аяқтаған қазақстандық боксшы Фируза Шарипова кәсіпқой рингке оралғанын ресми мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Ресми! Қайта оралдым! Қарымта жекпе-жекті көргілеріңіз келе ме?, - деп жазды Фируза Шарипова Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, боксшы қыз Instagram-парақшасында ресейлік Софья Очигаваға қарсы жекпе-жектің ресми анонсын жасады. 

Еске салсақ, Фируза Шарипова өзінің чемпиондық жекпе-жегіне тиісті қаражат бөлінбегендіктен мансабын аяқтаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы