Финляндияның Пирккала елді мекеніндегі мектепте белгісіз оқушы пышақпен шабуыл жасап, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Yle порталына сілтеме жасап.
Полиция шабуылдаушыны алғашқы жедел жәрдем шақырылғаннан кейін бірден құрықтаған.
Жәбірленушілерге өлім қаупі төнбейді, олар ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті шабуыл жасамас бұрын манифест жариялаған, онда шабуыл себептері жазылған болуы мүмкін.
Бұл оқиға Финляндиядағы мектеп қауіпсіздігіне қатысты қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды.
Еске салсақ, бұған дейін 24 сәуірде Францияның Нант қаласында да оқушы пышақпен шабуыл жасап, бір оқушы қаза тауып, тағы үшеуі жараланған болатын.
Құқық қорғау органдары Финляндиядағы шабуылға байланысты тергеуді жалғастыруда.